Қазақстандық оқушылар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында жазғы демалыста болады. Бұл туралы министрлік мәлімдеді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, мамандар министрлікке оқу жылын маусымның соңына дейін ұзартып, оқу жылын 20 тамыздан бастау мүмкіндігін қарастыру туралы өтінішпен бірнеше рет жүгінген. Олар Қазақстанның әлемдегі ең ұзақ демалысы бар елдердің біріне кіретінін (130 күн), ал көптеген елдерде демалыс мерзімі 80-ден 100 күнге дейін созылатынын айтқан. Сонымен қатар, 5 күндік оқу аптасына көшкен кезде оқу күндерінің саны бірден 34 күнге қысқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.